in

Үстел теннисі: Зәуреш Ақашева Болгариядағы турнирдің жүлдегері атанды

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Зәуреш Ақашева Пангарюште (Болгария) өткен WTT Feeder Panagyurishte турнирінде қола медаль иеленді, – деп хабарлайды Аikyn.kz. 

Турнир барысында Ақашева Мириам Карновалені (Италия) 3:1 есебімен, Доминика Вильчковоны (Словакия) 3:0 есебімен және Шима Сафаэиді (Иран) 3:2 есебімен жеңді.

Сондай-ақ украиналық Анастасия Димитренкоға 1:3 есебімен есе жіберген. Нәтижесінде, Зәуреш үшінші орынға табан тіреді.

ҚР ҰОК мәліметінше, турнирге қатысқан қазақстандықтар арасынан ширек финалға дейін жеткендер:

Жанерке Көшкімбаева (жекелей сайыс),

Владислав Захаров/Дайто Оно (Қазақстан/Жапония, жұптық сайыс),

Зәуреш Ақашева/Сарвиноз Миркадирова (жұптық сайыс),

Жанерке Көшкімбаева/Элина Рахими (Қазақстан/Иран, жұптық сайыс),

Ескендір Харки/Сарвиноз Миркадирова (аралас жұп).

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.