in

Қайрат Боранбаев 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмұрзаның ойынына баға берді

Алматылық “Қайрат” футбол клубының иесі Қайрат Боранбаев 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмұрзаның ойынына бағалады, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты 1bol-ға сілтеме жасап.

“Қалмырза, әрине, ерекше мүмкіндік алды. Иә, бұл мүмкіндік негізгі ойыншылардың жарақатына байланысты туғаны өкінішті. Бірақ Шерхан өзін өте сенімді ұстап жүр. Біз оның ойынына қуаныштымыз — ол шынымен де жақсы қақпашы. Кейде алаңда ауыр соқтығыстар орын алғанда, еріксіз күліп ойлаймыз: “Тек жарақат болмасын, әйтпесе қақпада 16 жастағы бала қалуы мүмкін ғой”, — дейді Боранбаев әзілмен.

Сондай-ақ Қайрат Боранбаев жас футболшыларға да сенім артып, олардың алдағы уақытта тәжірибесін жетілдіріп шыңдалатынын жеткізді.

— Біз жас футболшыларға сенім арта алатынымызды көріп отырмыз. Олардағы ынта мен деңгей қуантады. Әрине, тәжірибе әлі аз, бірақ Шерхан бір жылдан астам уақыт “Қайрат-Жастар” сапында Бірінші лигада ойнады. Яғни ересектер футболын сезінді. Әрине, “Селтик” пен “Реал Мадрид” деңгейі мүлде басқа, бірақ ол бұл сынға лайық екенін көрсетті. Ең маңыздысы — командадағы барлық ойыншылар оны қолдап, “Шерханға көмектесеміз, өзімізді де саламыз, тек ол өзіне сенімді болсын” деп отыр, — деді Боранбаев.

Еске салсақ, “Қайрат” клубының негізігі қақпашысы Александр Заруцкий “Селтикке” қарсы ойында сырт алаңда ауыр жарақат алған. Оның орнына Темірлан Анарбеков шыққан. Алайда ішкі чемпионатта Анарбеков те ауыр жарақат алуын байланысты 18 жастағы Шерхан Қалмұрза “Спортинг” пен “Реал Мадридтке” қарсы ойнына шыққан болатын.