in

Қазақстан миллиардерінің командасы “Тоттенхэммен” ойнап, сенсация жасады

Англияның Лига 1 біріншілігінде ойнайтын «Уиком Уондерерс» клубы аты әлемге әйгілі «Тоттенхэмге» қарсы жолдастық матч өткізіп, 2:2 есебімен тең түсті, – деп хабарлайды Tengri Sport.

Кездесу Премьер-лига мен үшінші лига өкілдері арасында өтті. “Тоттенхэм” сапынан Пап Матар Сарр екі гол соқса (14, 66 минут), “Уиком” үшін Армандо Джуниор Китирна жауап ретінде екі доппен ерекшеленді (32, 50 минут).

«Уиком Уондерерс» клубының 90% акциясы 2024 жылы қазақстандық кәсіпкер Михаил Ломтадзе тарапынан сатып алынған. 1887 жылы құрылған клуб өз тарихында негізінен төменгі дивизиондарда ойнап келді. 2019/20 маусымында алғаш рет Чемпионшипке (Англияның екінші лигасы) шыққан.

Төменгі лигадағы команда үшін Англияның үздік клубтарының бірімен тең ойнау – үлкен жетістік. Бұл – қазақстандық бизнесмен иелік ететін клубтың жаңа деңгейге көтерілу жолындағы алғашқы жарқын қадамы саналады.