Қазақстандық еркін күрес шебері Камиль Куруглиев Самоковта (Болгария) өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатының финалында жеңіліп қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Отандасымыз 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде өзбекстандық Шерзод Поеновпен өзара мықтыны анықтады.
ҚР ҰОК мәліметінше, тартысты өткен белдесу қарсыластың пайдасына аяқталды. Поенов 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір бес медаль бар. Бұған дейін Едіге Қасымбек (125 келіге дейін) алтын иеленсе, Нұрданат Айтанов (57 келіге дейін), Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) және Самир Дурсунов (97 келіге дейін) әлем чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.