in

Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының ойын кестесі

9-15 сәуір аралығында Ұлыбританияның Дамфрис қаласында шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатының IB дивизионы өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Федерацияның баспасөз қызметі мәліметінше, Қазақстан құрамасы IA дивизионына жолдама алу үшін Оңтүстік Корея, Италия, Ұлыбритания, Латвия және Словения командаларымен бақ сынайды.

Төменде Қазақстан құрамасының ойын кестесі көрсетілген:

– 09.04.2025, 17:00 (барлық ойындар Астана уақытымен) – Қазақстан-Оңтүстік Корея 

– 10.04.2025, 17:00 – Италия-Қазақстан

– 13.04.2025, 00:00 – Қазақстан-Ұлыбритания (13 сәуірге қараған түні).

– 13.04.2025, 20:30 – Латвия -Қазақстан

– 15.04.2025, 17:00 – Словения-Қазақстан

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.