Токиода өт іп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындар аясында еркін күрестен сайыстар өз мәресіне жетті , – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды: бір алтын, бір күміс және үш қола.
65 келі ге дейін салмақ дәрежесінде Шадияр Пернеш Сурдлимпиада чемпион ы атанды. Финалдық белдесуде ол ирандық Кейван Ростамабадиді 4:2 есебімен жеңіп, Қазақстанға осы күрес түрінде жалғыз алтын медальді алып келді. Шиеленісті финал соңында Пернеш өз эмоциясын жасырмады. Оның айтуынша, бұл алтын – өзінің спорттық жолындағы «ең көп күткен әрі ең қымбат» жеңісі.
57 келіге дейін салмақта финалға шыққан Габит Есжанов ирандық Мохаммад Шиавошимен белдесіп, 6:15 есебімен есе жіберді. Осы нәтижемен ол Сурдлимпиаданың күміс жүлдегері атанды.
Қазақстан қоржынына үш қола медаль түсті:
– Ғ асыр Тұрғынбай (74 келі) алдымен бейтарап спортшы Алексей Калесныйды 22:8 есебімен жеңіп, кейін Денис Трегубенкомен болған қола үшін белдесуде 11:0 нәтижесімен басым түсті.
– Сабыржан Рсалы (86 келі) грек балуаны Николаос Иосифидисті 16:5 есебімен ұтты.
– Қайратх а ан Шонқу (125 келі) үндістандық Ган Шьямды 12:1 есебімен техникалық басымдықпен жеңіп, қола медаль иегері атанды.
97 келі ге дейін салмақтағы қола белдесуінде Бексұлтан Малайдар ирандық Ерфан Саттариге жол берді.
ҚР Ұлттық С урдлимпиад а комитеттің вице-президенті Азамат Қарлығашев қазақстандық спортшылардың нәтижелеріне жоғары баға берді .
«Бұл Сурдлимпиада Қазақстан үшін тарихи сәттерге толы болды. Бүгінгі жеңістер кездейсоқ нәтиже емес, біздің спортшылардың жаңа деңгейге көтерілгенінің дәлелі. Жігіттердің күрес мәнері, мінезі, сенімділігі айқын өзгергенін көріп отырмыз. Бұл – бүкіл ел үшін үлкен жетістік. Алдағы жарыстарға да серпін беретініне сенімдімін», – деді ол.
Қазақстан Ұлттық С урдлимпиада комитетінің бас серіктесі – «Сам ұрық -Қазына» АҚ . Ресми демеуші – Sport Qory спортты қолдау қоры.