Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов жарақатынан кейін толыққанды жаттығуларға кірісті, – деп хабарлайды Аikyn.kz Бұл туралы спортшының менеджері Эдуард Базров мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі таңда Шавкаттың денсаулығы жақсы, ол жаттығу жүктемесін толық көлемде орындап жүр.
Дегенмен менеджердің сөзіне қарағанда, Рахмоновтың биыл UFC октагонына қайта шығуы екіталай.