in

Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» қарсыласы «Пафос» футбол клубының ойыншылары Алматыға келді

Алматыға “Пафос” футбол клубының ойыншылары келіп жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Олар 2025 жылдың 21 қазанында Алматының орталық стадионында “Қайрат” командасымен кездеседі.

Бұл туралы бүгін, 20 қазанда Кипр клубының Instagram-дағы парақшасында жарияланған ақпараттан белгілі болды.

“Ұзақ сапар, көңілді көңіл-күй және құшақ жая қарсы алған Алматы!”, делінген видео сипаттамасында.