in

Футзалдан Әлем чемпионатының үздік ойыншысы «Қайрат» клубымен келісімшартқа отырды

Кевин Арриета алматылық «Қайрат» футзал клубының ойыншысы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қайрат футзал» аргентиналық футболшымен келісімшартқа отырғаны жөнінде Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады. Жаңа ойыншымен келісімшарт «1+1» схемасы бойынша жасалды.

27 жастағы Кевин Арриета испандық «Alzira» командасынан ауысып келді.

Сондай-ақ, Кевин жақында Өзбекстанда өткен Әлем чемпионатында ТОР-3 сұрмергеннің тізіміне енген болатын.

Жетістіктері:

– Жаңа ойыншымызға сәттілік және «Қайрат футзал» сапында үлкен жеңістер тілейміз, – делінген ресми ақпаратта.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.