in

«Уимблдон»: қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары белгілі болды

Лондонда (Ұлыбритания) өтетін беделді әлемдік теннис турнирі — «Уимблдонның» жеребесі тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, жарыстың негізгі кезеңінде Қазақстан атынан Бейбіт Жұқаев, Александр Бублик, Александр Шевченко, Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Анна Данилина (жұптық сайыста) өнер көрсетеді.

Жекелей сайыста отандастарымыз төмендегі қарсыластармен кездеседі:

Александр Бублик – Хайме Мунар (Испания)

Александр Шевченко – Райли Опелка (АҚШ)

Бейбіт Жұқаев – Флавио Коболли (Италия)

Елена Рыбакина – Элина Аванесян (Армения)

Юлия Путинцева – Аманда Анисимова (АҚШ)

Анна Данилинаның жұптық сындағы қарсыластары кейінірек белгілі болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.