in

Токиода өтіп жатқан Сурдлимпиадада екі қазақстандық балуан еркін күрестен финалға шықты

XXV Жазғы Сурдлимпиадалық ойындар аясында Токиода сурдо еркін күрестен алғашқы жарыс күні өз мәресіне жетті , – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бүгін боз кілемге шыққан алты қазақстандық балуанның екеуі финалға жолдама алып, ертең алтын жүлде үшін таласуға мүмкіндік жасады.

57 келі салмақ дәрежесінде Ғ абит Есжанов сенімді әрі нәтижелі күн өткізді. Алғашқы белдесуінде ол түрік балуаны Мехмет Акиф Сонмезді қосымша уақытта 6:4 есебімен жеңді. Жартылай финалда Есжанов украиналық Сергей Сущеевскийді таза жеңіспен ұтып, финалға берік қадам жасады.

65 келіге дейінгі салмақта Шадияр Пернеш те жоғары деңгейдегі өнер көрсетті. О л болгар спортшысы Дилян Стефанов Димитровты 10:1 есебімен айқын жеңумен бастады. Ширек финалда венесуэлалық Анхель де Хесус Гильен Боливарды тізе бүктіріп, жартылай финалда моңғол балуаны Ерхемба я р Намдагоржды таза жеңіспен ұтты. Осылайша Пернеш финалға еш кедергісіз өтті және чемпиондық атақ үшін күресін жалғастырады.

125 келіге дейінгі ауыр салмақта Қайратх а ан Шонқу алғашқы белдесуінде кубалық Осмар Ортиз Тауртоны 12:5 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты. Алайда шешуші кездесуінде бейтарап спортшы Алексей Шемаровқа жол берді. Айта кетейік, Шонқу кеше грек-рим күресінің финалында да осы балуанмен белдескен болатын. Қазақстандық спортшы енді қола жүлде үшін күреске қосылады.

97 келі салмақта Бексұлтан Малайдар жартылай финалда үнді спортшысы Сумит Дахияға есе жіберіп, үшінші орын үшін белдесуге өтеді.

Сабыржан Рсалы ширек финалда Геворг Адамянды техникалық басымдықпен жеңгенімен, жартылай финалда украиналық Анатолий Червоненкоға жол берді. Ертең ол қола медаль үшін таласады.

74 келі салмақ дәрежесінде Ғ асыр Тұрғынбай қырғызстандық Ә д і лет Жапарқұловқа есе жіберді. Дегенмен ол жүлдеге қол созу мүмкіндігін сақтап қалып, ертең жұбаныш белдесуінде бозкілемге қайта шығады.

«Қазақстанның сурдо балуандары – әлемдік деңгейдегі мықтылардың қатарында. Спортшыларды ң дайындығы жоғары, толыққанды оқу-жаттығу жиынын өтті. Ертең еліміздің ә нұраны екі рет шырқалады деп сенемін», – деді ҚР Ұлттық сурдлимпиадалық комитетінің вице-президенті Азамат Қарлығашев.

Ертең боз кілемде финалдық белдесулер, қола жүлде үшін кездесулер және жұбаныш белдесулері өтеді. Осы сайыстардың қорытындысы бойынша сурдлимпиадалық еркін күрестің барлық жүлдегерлері анықталады.