in

Темірлан Анарбековке білім гранты берілді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек “Қайрат” футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековты Қазақ спорт және туризм академиясына оқуға түсуге шақырды, – деп хабарлайды Aykin.kz. 

Оның білім гранты 2026 жылдың қаңтарында басталады.

“Министрлік тек спортты дамытуды ғана емес, сонымен қатар кәсіби спортшыларымыз үшін жан-жақты академиялық базаны дамытуды да қолдайды. Темірлан Анарбеков пен Шерхан Қалмұрза спорттық жетістіктері үшін грант алған алғашқы спортшылар емес. Көптеген дарынды жастар мұндай қолдауға ие болды”, – деді министр Саясат Нұрбек.

Айтар болсақ, бұған дейін  Шерхан Қалмұрзаға Алматыдағы университеттердің бірінен білім гранты берілген болатын.