in

Таэквондошы Айдана Құмартаева әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан таэквондодан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бұл жүлдені 49 келіде ел намысын қорғаған Айдана Құмартаева еншіледі. Қазақ спортшысы жартылай финалда Түркия спортшысына есе жіберді.

Бұған дейін 49 келіге дейінгі салмақта Нодира Ахмедова тағы бір қола жүлдені жеңіп алған болатын.

Дүбірлі дода 30 қазанда мәресіне жетеді.