Дүниежүзілік біріншілікке әлемнің 179 елінен 991 спортшы тіркелген. Уси қаласында ел атынан 16 спортшы сынға түседі.
Ерлер құрамасында Бекзод Қадырқұлов (54 келі), Тамирлан Тілеулес (58 келі), Самирхон Абабакиров (63 келі), Дамир Шүленов (68 келі), Бекасыл Ергеш (74 келі), Батырхан Төлеуғали (80 келі), Нұрлан Мырзабаев (87 келі) және Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары) бар.
Ал әйелдер құрамасынан Айдана Құмартаева (46 келі), Нодира Ахмедова (49 келі), Азиза Қаражанова (53 келі), Мария Севостьянова (57 келі), Айша Әділбеккызы (62 келі), Нұрай Хусаинова (67 келі), Назым Махмутова (73 келі) және Евгения Каимова (73 келіден жоғары) сынды спортшылар енді.