in

Сүйінші, “Qazaq Style” жанкүйерлері! Жәнібек Әлімханұлы келісімшартқа қол қойды

Боксшы, WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына қатысты жаңалық жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 Боксшының менеджері Берік Сұлтанов алдағы жекпе-жегіне қатысты келісімшартқа қол қойылғанын айтты.

“Ассалаумағалейкум, “Qazaq Style” жанкүйерлері! Біз орта салмақты дүр сілкіндіретін, барша қазақ көптен күткен тарихи жекпе-жекке келісімшартқа қол қойдық. Алла қаласа, алдағы күндері промоутерлік компаниялар ресми хабар жасайды. Бізді ұлы шоу күтіп тұр. Біздің мақсатымыз – орта салмақтағы төрт титулды түгел жинау. Алла қаласа, тарих жазатын күн де алыс емес. Біз аянбай еңбек етіп келеміз. Еңбектің жемісін көретін уақыт алыс емес”, – деді Берік Сұлтанов Instagram парақшасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.