Санжар Тәшкенбай Үндістан үміті Джадумани Сингх Манденгбамды жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Бұл оның әлем чемпионатындағы екінші жекпе-жегі болды. Ол турнирдің алтыншы күні – 10 қыркүйекте иорданиялық Хутхайфа Ешишаны жеңген еді.
Ташкенбай әлем чемпионатына екінші рет қатысып отыр – 2023 жылы алтын жүлде иеленген болатын!
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасында 10 жартылай финалист бар – 6 әйел, 4 ер боксшы:
Назым Қызайбай (48 кг)
Алуа Балкибекова (51 кг)
Виктория Графеева (60 кг)
Аида Әбікеева (65 кг)
Наталия Богданова (70 кг)
Ельдана Тәліпова (+80 кг)
Санжар Ташкенбай (50 кг)
Махмұд Сабырхан (55 кг)
Торехан Сабырхан (70 кг)
Айбек Оралбай (+90 кг).