Мадридтік «Реал» Алматыға ұшып келе жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Мадридтік команда қаладағы бесжұлдызды InterContinental қонақүйіне тоқтайды.
Қонақүй 1996 жылы ашылған. Қазақстан мен Түркия президенттері алғашқы іргетасын қалаған, ол елдегі алғашқы бесжұлдызды қонақүйлердің бірі саналады.
«Реал» Алматыға түнде жетеді. Ертең Хаби Алонсо мен бір футболшының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.