in

«Оған назар аударма»: Сабина Алтынбекова Шерхан Қалмұрзаға қолдау білдірді

Волейболшы Сабина Алтынбекова «Қайрат» командасының қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қолдау білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.

Әлеуметтік желіде Шерхан туралы «айтарлықтай жетістікке жетпеді», «ерекше ойынымен көзге түспеді» деген сыни пікір пайда болған. Сабина Алтынбекова жас қақпашыны қолдап, сын айтатындарға назар аудармау керегін айтты.

«Қолдау көрсетудің орнына сын айтатындар көп. Назар аударма. Ештеңе де бекерден-бекер болмайды, бәрі Алланың қалауымен. Алға, Шерхан! Бастысы – еңбек және мінез», – деп жазды спортшы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.