Дзюдодан әскерилер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында жерлестеріміз бірнеше жүлде жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, 29 мемлекеттен 214 спортшы қатысып жатқан жарыстың алғашқы күнінде жерлестеріміз 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жеңіп алды.
Қазақстандық финал: 60 келіде Нұрқанат Серікбаев финалдық белдесуде өзге отандасымыз Шерзод Давлатовты қосымша уақытта жеңіп кетті. Шерзод Давлатов күміс жүлдені қоржынға салды.
66 келіде Жанарыс Рахметқали Солтүстік Корея өкілі Ри Кум Сонгтан айласын асырды. Ал, 73 келіде Бақытжан Абдурахманов Армения спортшысы Артак Торосяннан басым түсті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.