Қазақстандық боксшы Нұрбек Мұрсал Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында сәтті өнер көрсетті.
ҚР ҰОК мәліметінше, Нұрбек финалға жолдама алу үшін өткен жекпе-жекте украиналық Юрий Захарьевті жеңді.
Осылайша, Әлем кубогы кезеңінің финалына екі қазақстандық боксшы шықты. Бұған дейін тағы бір отандасымыз Сұлтанбек Айбарұлы да жартылай финалдағы қарсыласын ұтып, финалға өткен еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.