in

Мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы басталды

2 қазанда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Алғаш болып мұз айдынына қыздар шықты. Олар жасөспірімдер арасында өткен қысқа бағдарламада өнер көрсетті. Нәтижесінде Оңтүстік Корея спортшысы Ким Мин Сон бірінші орынды иеленді – 60.93 ұпай. Екінші орынға отандасы Ким Гонхи тұрақтады – 60.62 ұпай. Үшінші аралық орын қазақстандық Арина Калугинаға бұйырды – 51.71 ұпай.

ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан құрамасы сапында үздік нәтижені Анна Санникова көрсетті. Ол қысқа бағдарламада алтыншы орынға табан тіреп, 48.88 ұпай еншіледі.

Айта кетейік, бүгін турнир аясында әйелдер мен ерлер арасында да сайыстар өтеді. Ерлер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қазақстандық Михаил Шайдоров өнер көрсетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.