in

«Мықты болса да, өз ойынымызды көрсетеміз»: қақпашы Шерхан Қалмұрза «Реал Мадридке» қарсы матч туралы айтты

Алматылық «Қайраттың» қақпашысы Шерхан Қалмұрза Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі мадридтік «Реалға» қарсы өтетін ойын алдында пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Бұл – үлкен жауапкершілік. Біз тек клуб үшін ғана емес, бүкіл ел үшін ойнауымыз керек. Қазір бізге тек Қазақстан емес, бүкіл ТМД жанкүйерлік танытады деп ойлаймын. Қарсыласымыз мықты клуб болғанымен, біз өз ойынымызды көрсетуіміз тиіс. Әлемге Қазақстанда талантты ойыншылар бар екенін, футбол бар екенін дәлелдеуіміз қажет», – деді ол Qsport арнасына берген сұхбатында. 

Айта кетейік, небәрі 18 жастағы қақпашы командада негізгі ойыншыға айналды. Бұл мүмкіндік оған Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков жарақат алғаннан кейін бұйырды.