in

Күміс медаль: Жәмилә Бақбергенова финалда сүрінді

Күрес түрлерінен Polyák Imre & Varga János Memorial халықаралық турнирінде қазақстандық балуан финалда үндістандық Харшита Харшитаға жол берді.

Сондай-ақ ел құрамасы қоржынына тағы бір қола медаль түсті. Отандасымыз Нилуфар Райымова (57 келі) қолаға қол жеткізді.

Енді жарыс жолына Тыныс Дүбек (62 келі), Ирина Казюлина (68 келі), Эльмира Сыздықова (76 келі) шығады.

Одан кейін бозкілемге грек-рим күресінің шеберлері көтеріледі.

Айта кетсек, аталған жарысқа 14 елден 99 спортшы жиналды.

Халықаралық турнир 20 шілдеде аяқталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.