Мадрид дербиінде «Атлетико» өз алаңында «Реалды» ойсырата ұтты – 5:2. Қонақтар сапында Мбаппе мен Гюлер көзге түссе, алаң иелерінен Ле Норман, Сорлот, Альварес (дубль) және Гризманн гол соқты.
Бұл маусымда алғаш рет жеңілген «Реалды» алда маңызды сынақ күтіп тұр. 30 қыркүйек күні Чемпиондар лигасының екінші тур матчында мадридтік клуб Алматыда жергілікті «Қайратпен» кездеседі. Ойын 21:45-те Орталық стадионда өтеді.