ҚР ІІМ Ұлттық ұланның 6654 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, капитан Қымбат Ахметова 2026 жылғы 16-19 шілде аралығында Алматы қаласында өткен контакт джиу-джитсудан Азия чемпионатында тамаша өнер көрсетіп, І орынды жеңіп алып, Азия чемпионы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл айтулы жетістік – спортшының табанды еңбегі, жоғары кәсіби дайындығы, қайсар мінезі мен жеңіске деген жігерінің нәтижесі. Халықаралық деңгейдегі додада еліміздің абыройын асқақтатып, көк Туымызды биікте желбірету – әрбір спортшы үшін үлкен мәртебе.
Капитан Қымбат Ахметованың жеңісі – тек жеке жетістік қана емес, сонымен қатар Ұлттық ұланның 6654 әскери бөлімінің және Қазақстан Республикасының мерейін үстем еткен зор мақтаныш. Бұл жеңіс әскери қызметшілердің әскери дайындықпен қатар, спорт саласында да жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді. Ұлттық ұлан әскери қызметшілері әрдайым тәртіптің, төзімділіктің және отансүйгіштіктің үлгісін көрсетіп келеді.
Ұлттық ұланның 6654 әскери бөлімінің жеке құрамы капитан Қымбат Ахметованың Азия чемпионатындағы тарихи жеңісімен құттықтады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.