in

Зарина Дияс Испаниядағы жарыстың жеңімпазы атанды

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалға дейін іркілмей жетті.

Соңғы бәсекеде Зарина әлемдік рейтингіде 446-орында тұрған италиялық Дилетта Керубинимен чемпиондық атақ үшін кортқа шықты. Бірінші партияда З.Дияс 3:0 есебімен алға кетті. Содан кейін тағы бір брейкке қол жеткізді — 6:1.

Екінші сет брейк алмасумен басталды. Есеп 3:3 болған мезетте қазақстандық спортшы брейк жасап, өз геймін де алды — 5:3. Алайда Керубини таразы басын теңестіріп, тай-брейкте сәтті ойнады — 7:6 (7:4).

Үшінші, шешуші партияда Зарина айқын басымдылық көрсетті — 6:1.

Тартысты өткен матч екі сағатқа созылды.

Бұл — жарақатына байланысты екі жылдық үзілістен кейін кортқа 2024 жылы оралған Зарина Диястың содан бергі ITF додаларындағы үшінші трофейі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.