in

Жәния Бекмұхамбетова Испанияда өткен турнирде алтын медаль иеленді

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Испанияның Пладжа-де-Аро қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандасымыз 13 жасқа дейінгі жас санатында топ жарды.

Жеңіске жету жолында Жәния Италия, Испания, Венгрия, Германия және Швейцария спортшыларын 3:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Жәния бұған дейін Болгариядағы турнирде жеңіске жеткен болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.