Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов 9 қазан күні сырт алаңда Андорра құрамасымен матч өткізіп, 1:0 есебімен есе жіберген Қазақстанның жастар құрамасын сынға алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Осыдан кейін Хамитов kzsports сайтының Іnstagram әлеуметті желідегі парақшасында футболшыларға қатысты сыни жазба қалдырды.
“Мен сіздерге 10 жыл бұрын футболды жауып тастаңдар деп айттым! Маған сенбедіңдер!” – деп жазған Қуат Хамитов.
Қуат Хамитов бұған дейін де отандық футболды бірнеше рет сынаған болатын.
Еске салсақ, 2027 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде футболдан Қазақстан жастар құрамасы үш ойынның біреуінде жеңіп, екеуінде жеңілген соң турнир кестесінің бесінші сатысына төмендеді.