in

Ертең «Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчы кезінде Алматыда ауа райы қандай болады?

Қазгидрометтің мәліметінше, ертең Алматыда ауа райы күндіз +21, +23 градусты көрсетіп тұр , – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Күн бұлтты, жаңбыр да жауады. Ал түнде + 13, + 15 градус. Ауа райы құбылмалы.

Айта кеткен жөн, ертең көптен күткен “Қайрат” пен “Реал Мадрид” командаларының арасындағы тарихи матч өтпек. Күні кеше ғана «Реал Мадрид» командасы Алматыға келген құрамның тізімін жариялады.