in

Ербол Мырзабосынов Халықаралық дзюдо федерациясы директорлар комитетінің құрамына тағайындалды

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) директорлар үйлестіру комитетінің құрамына тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Тағайындау туралы бүгін Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер мырза ресми құттықтау хатын жолдады. 

«Бұл комитет – дзюдоның әлемдік деңгейде дамуын қамтамасыз ететін стратегиялық орган. Министрдің халықаралық спорт қауымдастығындағы бұл қызметі Қазақстанның беделін арттыра түсетіні сөзсіз», – делінген Дзюдо федерациясы хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.