Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтетін бұл бәсекеге әлемнің 49 елінен 426 спортшы тіркелген. Қатысушылар қатарында Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері Нагасе Таканори (Жапония), Рафаэла Сильва (Бразилия), Беатрис Соуза (Бразилия), Ғұсман Қырғызбаев (Қазақстан), Целидис Теодорос (Грекия) және әлем чемпионаттарының жеңімпаздары Нилс Штумп (Швейцария), Тамаоки Момо (Жапония), Неманья Маидов (Сербия) бар.
Естеріңізге сала кетсек, бұл доданың нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес, жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін – 1 000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін 500 ұпай есептелетін болады.
Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) екіжақты келісімшартына сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2026 жылға дейін қабылдайды.
«Qazaqstan Barysy Grand Slam» тікелей көрсетілімі Qazsport телеарнасында өтеді.
Жарыс бағдарламасы:
9 мамыр
Әйелдер: -48 келі, -52 келі, -57 келі;
Ерлер: -60 келі, -66 келі.
10 мамыр
Әйелдер: -63 келі, -70 келі;
Ерлер: -73 келі, -81 келі.
11 мамыр
Әйелдер: -78 келі, +78 келі;
Ерлер: -90 келі, -100 келі, +100 келі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.