Еліміздің үздік теннисшісі, әлемдік рейтингте 9-орында тұрақтаған Елена Рыбакина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші кезеңінде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты.
Турнирдің алғашқы кезеңінде Рыбакина румын теннисшісі Жаклин Кристианнан (48) 6:3, 6:4 есебімен басым түскен еді.
1/8 финалда Рыбакина Чехия өкілі Линда Носковамен (WTA рейтингі – 17) кездесіп, екі сетте қарсыласын жеңді — 6:3, 6:4. Матч 1 сағат 28 минутқа созылды.
Осылайша, Елена турнирдің ширек финалына жолдама алып, енді әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен (Беларусь) кездеседі.
—Бұл кездесу оңайға түспейді. Бірақ қайта қалпыма келіп, жарыста барымды саламын. Қалай болатынын кім біледі, менің нәтижеме шешілер деп ұмітітенемін, — дейді теннисші Sports.kz-ке берген сұхбатында Аринамен кездесуін.
Айта кетейік, Соболенко осы турдың басқа матчында ресейлік Людмила Самсонованы (20) 6:3, 6:2 есебімен ұтқан болатын.
Жалпы жүлде қоры – 3 654 963 АҚШ доллары.