in

Досбол Шәміл – ІІІ ТМД елдері ойындарының чемпионы

Қазақ палуандары Әзірбайжанның Гянджа қаласында өтіп жатқан lll ТМД елдері ойындарын алтын медальмен аяқтады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Бүгін грек-рим күресінен 65 кг дейінгі салмақта Досбол Шәміл алтыннан алқа тақты. Отандасымыз барлығы 3 белдесу өткізіп, қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады.

Осыған дейін бозкілем шеберлері Гянджада 2 жүлде алған. Олар:
Еркін күрес: Риза Изахар (110 кг) – күміс.
Әйелдер күресі: Нұрайым Саяхмет (65 кг) – қола.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.