Қазақ балуандары Әзербайжанның Гянджа қаласында өтіп жатқан ІІІ ТМД елдері ойындарын алтын медальмен аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін грек-рим күресінен 65 келі дейінгі салмақта Досбол Шәміл алтыннан алқа тақты. Отандасымыз барлығы 3 белдесу өткізіп, қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады.
Осыған дейін бозкілем шеберлері Гянджада 2 жүлде алған. Олар:
Еркін күрес: Риза Изахар (110 кг) – күміс.
Әйелдер күресі: Нұрайым Саяхмет (65 кг) – қола.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.