Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай (10-1, UFC 0-1) 23 тамызда Шанхайда өтетін UFC турнирінде октагонға оралуы мүмкін, – деп хабарлайды Аikyn.kz
“Спорт Шредингера” телеграм каналының ақпаратына сәйкес, оның қарсыласы – Қырғызстан өкілі Ұран Сатыбалдиев (9-1, UFC 0-1)
Екі спортшы да UFC-дегі алғашқы жекпе-жектерінде жеңіліс тапқан. Д. Нұрғожай наурыз айында бразилиялық Брендсон Рибейродан (17-7, UFC 2-2) техникалық нокаутпен ұтылса, Ұ. Сатыбалдиев сәуірде словак Мартин Будайға (15-2, UFC 6-1) төрешілер шешімімен жол берген.
Айта кету керек, қос файтер де жартылай ауыр салмақта өнер көрсетеді. Алайда Ұ. Сатыбалдиев UFC-дегі дебютін ауыр салмақта өткізген.
Бұл жекпе-жек UFC тарихында Қазақстан мен Қырғызстан өкілдері арасындағы алғашқы кездесу болмақ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз