Грек-рим күресінен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан Демеу Жадыраев ширек финалда жеңіліп қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, 77 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы жартылай финалға шыға алмады.
1/4 финалда ол жапониялық Нао Кусакаға 2:4 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасында да Жадраев дәл осы Кусакадан жеңілген болатын.
Енді балуан жұбаныш белдесуін өткізеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.