Бүгін – қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері, әлемнің екі дүркін чемпионы, Азия чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Назым Жетіген ауылында (Алматы облысы) дүниеге келген.
Спорттық жетістіктері:
– Әлем чемпионы (екі дүркін);
– Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы (алтын медаль);
– Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері;
– Қытайда өткен турнирдің қола жүлдегері;
– Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері;
– Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері (2016);
– Париж Олимпиадасында (2024) жартылай финалға шығып, қола жүлде иеленді;
2025 жылдың наурыз айында Халықаралық бокс қауымдастығы қамқорлығымен өткен үшінші әлем чемпионатында жеңіске жетті.
Сонымен қатар спортшы «Құрмет» орденімен марапатталған.