in

Боксшы Нұрислам Қалдыбаев Азия чемпионатында топ жарып, алтын медаль жеңіп алды

Таиландтың Бангкок қаласында бокстан жастар арасындағы (U22) Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері жалғасуда, –  деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлер арасында Нұрислам Қалдыбаев 60 келіге дейінгі салмақтың финалында өзбекстандық Шохрух Абдумаликовты жеңді.

Осылайша, ерлер арасында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Айта кетейік, сондай-ақ финалдық кезеңде Илья Калинин (65 келіге дейін), Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін), Санжарәлі Бегалиев (80 келіге дейін), Темірлан Мұқатаев (90 келіге дейін) бақ сынайды.