in

Боксшы Дулат Бекбауов жақында үйленеді

Бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауовтың отау құратыны туралы дерек мәлім болды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы боксшының таңдауы түскен ару әлеуметтік желіде фотосурет жариялап, құдаласу рәсіміне келісім басталғанын жариялады.

Белгілі болғандай боксшының ата-анасы Астанада қалыңдықтың жақындарымен кездескен. Ал ұзату мен үйлену тойының қашан болатыны әзірге айтылмады.

Естеріңізде болса, Дулат Бекбауов 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының финалына дейін жетіп, күміс жүлдеге ие болған еді. Спортшы Париж Олимпиадасына қатысуға үмітті болып, ел ішілік іріктеу турниріне қатысқан. Алайда ол шешуші сәтте Мұхамедсабыр Базарбайұлына есе жіберіп, Таиландта өткен олимпиадалық іріктеу турнирінен тыс қалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.