in

Бокстан әлем кубогі: Нұрбек Мұрсал қырғыз боксшысын жеңіп, жартылай финалға шықты

Қазақстандық боксшы Нұрбек Мұрсал Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінің жартылай финалына жолдама алды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Ширек финалда ол Қырғызстан өкілі Ихтиар Нишоновпен жұдырықтасты.

ҚР ҰОК мәліметінше, Мұрсал кездесу барысында басымдық танытып, жеңіске жетті және Әлем кубогының жартылай финалына өтті.

Осылайша ол кем дегенде қола медаль иегері атану құқығына ие болды.

Нұрбектің жартылай финалдағы қарсыласы Украина боксшысы Юрий Захарьев болмақ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.