in

Бокстан әлем кубогы: Абылайхан Жүсіпов жарыстан шығып қалды

Абылайхан Жүсіпов алғашқы айналымда қырғызстандық Алмаз Оразбековке қарсы жекпе-жек өткізді, – деп хабарлады Aikyn.kz.   

Бокс федерациясының мәліметінше, отандасымыз алғашқы екі раундтың қортындысы бойынша, жеңіске жеткен еді. Алайда үшінші раундта Абылайхан Жүсіповтың қабағындағы жарақаты сыр беріп, жекпе-жекті тоқтатуға тура келді. 

Кейін төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен қырғызстандық Алмаз Оразбеков келесі айналымға шықты. Ал Абылайхан Жүсіпов үшін әлем кубогы аяқталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.