in

Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан спортшылары бес медаль алды

Таиландтың Бангкок қаласында бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, 8 тамызда 19 жасқа дейінгі санатта әйелдер арасындағы жекпе-жектер аяқталды.

Күндізгі сессияның қорытындысы бойынша Аяжан Ермек (57 келіге дейін), Құралай Егінбайқызы (80 келіге дейін) финалға жолдама алды.

Ал Айым Танкибаева (51 келіге дейін), Жанель Имантаева (54 келіге дейін), Алина Кудайгенова (60 келіге дейін), Ақбота Есімбекова (65 келіге дейін), Сабина Жақсылық (80 келіден жоғары) Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.