Гүлназ Бөрібаева Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бангкокте өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында қыздар арасында Гүлназ Бөрібаева жартылай финалға жолдама алды.
Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда Гүлназ жапондық Нон Гошогаваны бірнеше мәрте нокдаунға түсіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Енді отандасымыз жартылай финалдық жекпе-жегін 6 тамыз күні өткізеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.