Новосібірде өткен сырт алаңдағы матчта «Барыс» пен «Сібір» негізгі және қосымша уақытта есеп аша алмады. Буллит сериясында алаң иелері табыстырақ болып, 1:0 есебімен жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Қазір «Барыс» Шығыс конференциясының турнир кестесінде алтыншы орында, ал көш басында қазақстандықтар Михайлис пен Орехов ойнайтын «Металлург» (Магнитогорск) орналасқан.
Келесі ойын — 7 қазан күні Қазанда жергілікті «Ак Барспен» өтеді.