in

«Ақтөбе» футбол клубының 15 жастағы ойыншысы көз жұмды

Әулеттің ауыр қазасына клуб атынан көңіл айтылды, – деп хабарлайды Aikyn.

“QJ league турнирінде ойнайтын «Ақтөбе U-16» командасының ойыншысы, 15 жастағы футболшы Арон Мұса өмірден озды. Аронның отбасында үлкен қайғы болды. Арон бауырымызбен бірге әжесі және немере ағасы да көз жұмды. Мұса әулетіне, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз”, – делінген клуб хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.