in

Аруларымыз шахмат Олимпиадасында үшінші жеңісіне қол жеткізді

Шахматтан Самарқанд қаласында 46-шы Олимпиаданың үшінші тур ойындары өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әйелдер арасында Қазақстан құрамасы рейтингіде 25-орындағы Словениямен күш сынасты. Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, Бибісара Асаубаева екінші ойын қатарынан қарсыласымен ұпай бөлісуге мәжбүр болса, қалған үш отандасымыз қарсыластарынан айласын асырып кетті. 

Әйелдер. 189 команда 

Қазақстан-Словения – 3,5:05 

Бибісара Асаубаева – Лаура Унук 

Алуа Нұрман – Зала Урх 

Елназ Қалиахмет – Надиа Шпанко 

Зарина Нұрғалиева – Анжа Бебер 

Ерлер арасындағы бәсекеде де отандастарымыз ТОП-10-ға кіретін Францияға қарсылық көрсете алмады. Есеп: 0,5:3,5. Құрамадан бірінші тақтадағы Денис Махнёв ғана блицтен 2021 жылғы әлем чемпионы Максим Вашье-Лаграв тең түсті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.