in

“Алаяқтық жасады”: қазақстандық хоккей клубының басшысы ұсталды

Петропавл қаласының полицейлері “Құлагер” хоккей клубының басшысы Сергей Фильді ұстады, – деп хабарлайды Aykin.kz сайты. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті мәлімдеді.

Олардың хабарлауынша, 45 жастағы басшы Қарағанды қаласында ұсталған.

“Астананың 45 жастағы тұрғыны бірнеше адамға қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қозғалған қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде”, – делінген Полиция департаментінің 6 қазан 2025 жылғы хабарламасында.

Бұған дейін Сергей Фильмен байланыс 24 қыркүйектен бастап үзілгені хабарланған. Сөйтіп, оны полицейлер іздестіруге кіріскен. Өйткені Ресейден келген бірнеше спортшы (легионер) оның үстінен алаяқтық фактісі бойынша арыз жазған. Олардың айтуынша, Филь Қазақстан азаматтығын әперуге көмектесемін деп ақша алған.