in

Азия чемпионаты: 4 сәуірде шаршы алаңға шығатын боксшылар белгілі болды

Ұланбатырда жалғасып жатқан Азия чемпионатының кезекті күнінде 6 отандасымыз шаршы алаңға шығады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Күндізгі сессия. 09:00 

2-жұп. 65 келі  Лаура Есенкелді – Анкушита Боро (Үндістан) 

Анкушита Боро 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері саналады. 2024 жылы Париж Олимпиадасының лицензиялық турнирінде Римма Волосенкодан басым түскен. 

5-жұп. 50 келі Санжар Тәшкенбай – Вишванаш Суреш (Үндістан) 

Вишванаш Суреш – 2024 жылы Астанада өткен U22 санатындағы Азия чемпионы. 

12-жұп. 65 келі  Ертуған Зейнуллинов – Мирзохид Имамназаров (Қырғызстан) 

Кешкі сессия. 14:00 

4-жұп. 75 келі  Валентина Хальзова – Суйеон Сеонг (Оңтүстік Корея) 

5-жұп. 60 келі Оразбек Асылқұлов – Шунсуке Китамото (Жапония) 

Шунсуке Китамото – Ливерпульдегі әлем чемпионатының қола жүлдегері. Астанадағы әлем Кубогында Серік Теміржановты жеңген. 

9-жұп. +90 келі Айбек Оралбай – Арман Маханов (әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Өзбекстан)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM    арнасынан табасыз.