in

Азия ойындары: Қазақстан құрамасы жүзуден финалға өтті

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында жүзу сайыстары жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

27 қазанда ұлттық құрама спортшылары жекелей және командалық сайыста финалға жолдама алды.

ҚР ҰОК мәліметінше, 200 метрге арқамен жүзуде Александр Румынский 3-орын алып, финалға өтті.

400 метрге еркін стильде жүзуде Федор Диденко 8-орын алып, шешуші бәсекеге жолдама алды.

Қазақстан ерлер құрамасы 4х100 метрге еркін стильде жүзуден эстафеталық жарыста 7-орынға тұрақтады. Осылайша, жүлде үшін таласуға мүмкіндік алды.

Айта кетейік, финал Астана уақытымен 20:00-де басталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.