Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында аралас жекпе-жек бойынша жарыстар жалғас ып жатыр , – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан құрамасының екі өкілі қарсыластарынан басым түсті.
ҚР ҰОК мәліметінше, 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Санжар Иманғали БАӘ спортшысы Абдулла Альдармакиді жеңді.
60 келіге дейінгі салмақта Альтаир Мейірханов Ахмад Абдулрахиммен (БАӘ) өткен жекпе-жекте төрешілердің шешімімен басым түсті.
Айта кетейік, бұған дейін Амелина Бакиева мен Нұртілеу Өтеген де жеңіске жеткен еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.